$ 505.15  550.31  5.89
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.12.2019, 01:18
Жаңалықтар

Қызылордада балалардың денсаулығына қауіпті ойыншықтар анықталды

Қауіпті ойыншықтардың басым бөлігі Қытайда жасалған

Қызылордада балалардың денсаулығына қауіпті ойыншықтар анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Санитарлық дәрігерлер тамақ өнімдері мен ойыншықтарды және балаларға арналған киімдерді таңдауда сақ болуды ескертеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Сыр өңірінде жүргізілген мониторинг аясында мамандар үш мыңнан астам бұйымды, оның ішінде 61 ойыншықты сатып алып, зертханалық тексеруден өткізген. Нәтижесінде 13 үлгіден сапа сәйкессіздігі анықталып отыр. Қауіпті ойыншықтардың басым бөлігі Қытайда жасалған. 

«Ойыншықтардың қауіпсіздігін тексеру екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші – ойыншықтардың тиісті құжаттарының болуы, сертификаттарының болуы және онда көрсетілген мәліметтердің техникалық сәйкестігі назарға алынады. Екінші кезеңде ойыншықтар органолептикалық, микробиологиялық, санитарлық-химиялық және токсикологиялық, гигиеналық тексеруден өтеді. Сәйкестіктер анықталған жағдайда, сараптамаларға сәйкес іс-шаралар кешені жүргізілетін болады», дейді облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Серіктес жаңалықтары