Сапарбаев пен Ермекбаев қаза тапқандардың отбасына барды
Байзақтағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 9 адамға жетті

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында болған өрт салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына барып, орны толмас қазаға байланысты марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Қорғаныс ведомствосы тарапынан қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша барлық шаралар қабылданады.
Соңғы мәлеметтер бойынша, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан барлығы 9 адам қаза тапты. Оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері бар. Қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 2 адам туралы деректер анықталуда. Бұл туралы ТЖМ жанындағы жедел штабтан хабарланды.