$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.08.2021, 21:52
Жаңалықтар

Жамбыл облысында жарылыстан зардап шеккен ауылдарда оқу процесі тоқтатылмайды – БҒМ

ҚР Білім және ғылым вице-министрі сабақтардың жоспар бойынша басталатынын айтты

Жамбыл облысында жарылыстан зардап шеккен ауылдарда оқу процесі тоқтатылмайды – БҒМ

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы төтенше жағдайға байланысты оқу процесі өзгере ме? Эвакуацияланған отбасылардағы балалар қашан мектепке барады?  Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа оқу жылының басталуына арналған брифингте осы сауалдар қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, сабақтар жоспар бойынша басталады.

«Бұл жағдай орын алғаннан кейін, министрдің тапсырмасы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері оқиға орнына барды. Өкіліміз осы жағдай орын алған бес ауылда болды. Ол балалардың барлық ата-аналарымен және балалардың өздерімен кездесті. Балалардың жағдайы тұрақты, олардың қауіпсіздігі, тұруы, тамақтануы үшін жағдайлар жасалған. Оқытуға келетін болсақ, бұл елді мекендерде мектептер де тексерілуде. Тиісті техникалық аудит жүргізілетін болады. Әзірге жергілікті атқарушы органдар, тиісті құрылымдар, соның ішінде біздің комитет визуалды тексеру жүргізді. Олардың жағдайы жақсы, олар күрделі салымдарды қажет етеді. Бірақ кейбір шешімдер аудит жүргізілгеннен кейін қабылданады. Әрине, осы елдімекендерде тұратын балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы оқу процесі тоқтатылмайды. Оқу жылы міндетті түрде басталады және тиісті шаралар қорытынды жасалғаннан кейін қабылданады», - деп жауап берді ведомство өкілі.

Серіктес жаңалықтары