«Бүгін туған күні еді...»: Жарылыс кезінде қаза тапқан әскери прокурор Арман Қапезов жайлы
Байзақтағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 9 адамға жетті
Бас көлік прокуратурасының баспасөз хатшысы Абырой Халықұлы Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қаза тапқан әскери прокурор Арман Қапезовтың бүгін туған күні екенін айтты.
Оның айтуынша, Арман Қапезов әскери қоймадан өрт шыққанын естіген бойда оқиға орнына барған. Адам өмірін арашалаймын деп, өзі ажал құшқан.
«Бүгін таңертең Оңтүстік аймақтың әскери прокуроры Арман Қуанышұлы Қапезовтың қаза болғаны туралы қаралы хабар жетті. Ол осы әрекетімен нағыз прокурор, әскери антқа адал офицер және Отан алдындағы борышын орындаған азаматтың үлгісін көрсетті. Оны танитын жақын әріптестері ісіне адал, Отанын шексіз сүйген лайықты офицер болғанын айтады», - деп жазды Абырой Халықұлы.
Соңғы мәлеметтер бойынша, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан барлығы 9 адам қаза тапты. Оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері бар.