$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.08.2021, 13:44
Жаңалықтар

Байзақтағы жарылыс: 11 бизнес субъектісі зардап шеккен

Өңірде кәсіпкерлер үшін жедел желі құрылды

Байзақтағы жарылыс: 11 бизнес субъектісі зардап шеккен
Фото: Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы зардап шеккен бизнес өкілдеріне 109, +7 (7262) 513525 жедел желі нөміріне және «Атамекен» ҰКП 1432 колл-орталығына хабарласуды сұрайды.

Жамбыл облысындағы кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаев қазір жарылыс болған жерге барып, кәсіпкерлік нысандарын аралап жүр. Оның айтуынша, әзірге қанша бизнес зардап шеккені белгісіз және жедел желі арқылы хабарласып жатқандар бар. Алдын ала деректер бойынша 11 бизнес субъекті зардап шеккен.

«Қазір тізім жасалып жатыр. Зардап шеккен бизнес субъектілері туралы ақпарат оқиға орнын толық талдағаннан кейін қосымша хабарланады. Кәсіпкерлер үшін жедел желі ашылды. Олар 109, +7(7262)513525 нөміріне және Ұлттық палатаның 1432 кол-орталығына хабарласа алады», - деді Еркін Атымтаев.

Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен бизнес субъектілерінің арасында дәмхана, жанар-жағармай станциясы, дүкен, автокемпинг және басқа нысандар бар. Сондай-ақ, облыстағы кәсіпкерлер палатасының екі қызметкері және Байзақ аудандық филиалының төрт қызметкері Байзақ ауданында тұрады. Қызметкерлер зардап шеккен жоқ.

Жамбыл облысы әкімінің басшылығымен жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды. Штаб құрамында облыстың кәсіпкерлер палатасының өкілдері бар.

Еске салайық, 26 тамызда сағат 19.00-ге қарай Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан оқ-дәрі қоймасы жарылды. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланды. Соңғы мәлімет бойынша, төтенше жағдай салдарынан 5 әскери қызметші қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары