$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.08.2021, 14:10
Жаңалықтар

Елбасы Сапарбаев және Ермекбаевпен телефон арқылы сөйлесті

Әңгіме барысында Байзақ ауданындағы жағдай сөз болды

Елбасы Сапарбаев және Ермекбаевпен телефон арқылы сөйлесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына Жамбыл облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және   салдарын жою үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат берілді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті төтенше жағдай кезінде қаза болған адамдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Сондай-ақ Елбасы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен телефон арқылы сөйлесті

Әңгіме барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы төтенше жағдайға байланысты өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыс жайында мәлімет ұсынылды.

Елбасы барлық зардап шеккен адамдарға көмек көрсетудің және төтенше жағдай салдарын жоюдың маңыздылығын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары