ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Қазақстанда 48 мың адам ипотекасын мерзімінен бұрын жауып тастаған

Шілдеде ипотекалық несие беру көрсеткіші 13 процентке төмендеді

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда жыл басынан бері 48 мың адам ипотекасын мерзімінен бұрын жауып тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар24»-ке сілтеме жасап.

Құрылыспен қатар нарықта тұрғын үй саудасы баяулап қалды. Сұраныс азайған соң пәтер иелерінің 30 пайызы бағаны түсірген. Сондай-ақ шілдеде ипотекалық несие беру көрсеткіші 13 процентке төмендеді.

Бірінші несие бюросының мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері елде 48 мың адам ипотекалық қарызды мерзімінен бұрын жауып тастады. Былтырғыдан екі есе көп. Оған зейнетақы жинақтаушы қорынан қаржы алуға мүмкіндік берілуі әсер еткен. Мәселен, қарызды толық қайтаруға қордан 33 миллиард теңге, жартылай төлеуге 130 миллиард теңге жөнелткен. Бұған қоса биыл «Баспана хит» бағдарламасы тоқтатылды. Бұл да ипотекалық несиенің азаюына әсер еткен.