Қазақстанда 2022 жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақының көлемі артады
Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуға байланысты төленетін әлеуметтiк төлемдер өсті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап арттыру туралы» үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оған сәйкес, келесі жылдан бастап еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылуға байланысты төленетін әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi 5%-ға өседі.
«2022 жылдың 1 қаңтарына дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен бес пайызға арттырылсын», - делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатта.
Қаулы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзіледі.
Құжатты қоғамдық талқылау мерзімі 13 қыркүйекке дейін созылады.