$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.08.2021, 11:53
Жаңалықтар

Жамбыл облысында зардап шеккендердің арасында балалар жоқ - БҒМ

83 бала эвакуацияланды

Жамбыл облысында зардап шеккендердің арасында балалар жоқ - БҒМ
скриншот: видео

Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне келіп түскен ақпаратқа сәйкес Жамбыл облысында (Байзақ ауданы) зардап шеккендердің арасында балалар жоқ. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Абдуалиева хабарлады. 

Жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жақын маңдағы елді-мекендерден Тараз қаласына, сондай-ақ Байзақ ауданының Сарыкемер және Кеңес ауылдарына 83 баланы эвакуациялады.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша түнде оқиға орнына Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Е.Н. Иманғалиев барды. Сондай-ақ оқиға орнында Білім және ғылым министрлігінің білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаментінің өкілдері де жұмыс істеп жатыр.

«Эвакуацияланған балаларға қажетті жағдайлар жасалды, олар ыстық тамақпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Ұйықтайтын орындар карантин талаптарын ескере отырып жабдықталды.

Эвакуацияланған балаларға қолдау көрсету үшін ҚР БҒМ ата-аналарға балаларын «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жіберуді ұсынды. Орталықта барлық жағдай жасалған. Мұндай тәжірибе бұрын-соңды орын алған төтенше жағдайлар кезінде пайдаланылған», - деп хабарлады.

26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, барлығы 10-ға жуық жарылыс болған. Салдарынан 5 әскери қызметші қаза тапты, ауруханаға түскендердің ішінде 6 адамның жағдайы ауыр. Сонымен қатар, із-түссіз жоғалып кеткендер де бар.

Серіктес жаңалықтары