$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.08.2021, 11:48
Жаңалықтар

Әскери қоймадағы жарылыс: тағы бір әскери қызметші қаза тапты

Ол оқиға орнында көз жұмған

Әскери қоймадағы жарылыс: тағы бір әскери қызметші қаза тапты

Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданындағы жарылыс кезінде инженерлік оқ-дәрілер қоймасындағы өртті сөндіру бойынша жұмысты тікелей басқарған - Өрт сөндіру командасының бастығы Еркін Ерікбайұлы Нәдірбеков (1992 жылы туған) қаза тапты. Ол оқиға орнында көз жұмған. Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдеуінше, ол 27 тамыз күні байланысқа шықпай, із-түссіз жоғалған әскери қызметшілер тізімінде болған.

Еске салайық, бұған дейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқан 4 әскери қызметші туралы мәлімдеген еді. Ресми мәлімет бойынша, Тараз маңындағы жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқан әскерилердің қатары осымен бесеуге жетіп отыр.

Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында өрт салдарынан келісімшарт бойынша екі әскери қызметші – 1981 жылы туған сержант Марат Сайлауұлы Мешінбай және 1981 жылы туған ефрейтор Руслан Жүрсінбайұлы Жанболатов, 1969 жылы туған әскерилендірілген күзет қызметшісі азамат Оразбек Дайырбекұлы Далибаев қаза тапты. Қаза тапқандардың төртіншісі – Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры әділет полковнигі Арман Қапезов.

Сержант Марат Мешінбай мен ефрейтор Руслан Жанболатов өрттің алғашқы минуттарынан бастап әскери бөлімнің өрт сөндіру командасының құрамында болды. Жарылыстардың жанында болып, олар ауыр жарақаттар алды.

Әскерилендірілген күзет қызметшісі Оразбек Далибаев қойманы күзету жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі қызметін атқарды. Қызметтік міндеттерін атқаруда оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары