Жамбыл облысында пойыздардың кешіккені үшін айыппұл төленбейді - ҚТЖ
Жол жүруден бас тартқан жағдайда жол жүру құны толық қайтарылады
Әскери қоймадағы жарылысқа байланысты Тараз – Луговая учаскесіндегі жағдайға байланысты жолаушылар пойыздары қозғалысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметінен хабарланды.
Ұлттық тасымалдаушы Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен «Тараз – Ақшолақ» учаскесінде жолаушыларды автокөлікпен (автобустармен) екі бағытқа тасымалдады. Мақсат - жол жүру құжаттарына (билеттерге) сәйкес жолаушылардың пойызбен баратын жеріне жетуіне көмектесу.
Жолаушылар тоқтатылған пойыздарға жол жүру құжаттарын қайтару бойынша жүгінгенде билет ақшасы қайтарылады:
- жол жүруден бас тартқан кезде жол жүру құнының 100%-ы;
- келісілген пойыздарға жол жүру құнының 100%-ы.
- Егер сапар үзілген болса, онда жолаушыға жүрілмеген қашықтық үшін сома төленеді.
- Пойыздардың кешіккені үшін айыппұл төленбейді (3%).
«Тараз – Луговое» учаскесіндегі жағдай тұрақталғанға дейін жолаушыларға ыңғайлы болу үшін Шу, Луговая, Бурное, Тараз, Сарыағаш станцияларында тәулік бойы теміржол билет кассалары жұмыс істейтін болады.
ҚТЖ жолаушылардан барлық сұрақ бойынша вокзалдардың анықтама қызметіне хабарласуды сұрайды:
- Алматы-2 станциясы 8(7272) 96-13-15
- Алматы-1 станциясы-1 8 (7272) 96-33-90
- Луговая станциясы 8(7263) 13-61-05
- Шымкент станциясы 8(7252) 95-21-24
- Тараз станциясы 8(7262) 96-24-59
- Шу станциясы 8(7264) 36-36-82
- Қызылорда станциясв 8(7242) 29-21-35⠀
«Тараз – Ақшолақ» учаскесінде пойыздар қозғалысын ашу бойынша қосымша хабарланады.