$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.08.2021, 22:24
Жаңалықтар

Түркістан облысында мал жаятын жерлер демалыс орнына айналып кеткен

Жерге иелік қылғандар өзен жағалауларына дейін қоршап алған

Түркістан облысы Төлеби ауданының тұрғындары жайылымдық жерлерді халыққа қайтаруды талап етіп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Қасқасу ауылдық округі тұрғындары төрт түлігін қайда жаярын білмей дал. Айтуларынша, іргедегі жерлер демалыс орындарына айналып кеткен.

«Жоғарғы Қасқасу елдімекенінің жоғары жағынан мынау сияқты 20 сотық жерді заңды алады да, қалғанының бәрін гектарлап қоршайды. Шарбақпен қоршап тастаған. Халықтың жайылымы мынау. Ешқандай әкімшілік тарапынан бұл жерге күші жетпейді екен. Неге? Өйткені бұл жерді үлкен дөкейлер алған», - дейді ашынып Қасқасу ауылының тұрғыны Ерлан Бексейітов.

Жерге иелік қылғандар тіпті өзен жағалауларына дейін қоршап алыпты. Бүйте берсе мал суарудың өзі мұң болайын деп тұр дейді күнкөрісі малға қараған жұрт. Енді олар қолындағы малын сатудан басқа амал жоқ деп отыр.

«Не істейміз енді? Мемлекет бізге қайтарсын. Қайтармаса біздің  ауылға кеп өндірістік орындар салсын, зауыт салсын, фабрика салсын. Біз сол жерде жұмыс істейік», - дейді Қасқасу ауылының тұрғыны Досмахан Алханов.

Ал жергілікті атқамінерлер Қасқасуға қарасты мыңнан астам гектардың 800 гектарын қазір сот арқылы қайтарудың амалын жасап жатырмыз деді.

«Тоғайдағы суды қоршап алу бойынша олардың заң жүзінде ГОСАКТ бойынша жер пайлары 15 сотықтан. Артығын қоршап алған. Ол бойынша біздің жер қатынастары бөлімі қазіргі таңда жұмыс жүргізіп жатыр», - деді Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Бақберген Құралбаев.

Серіктес жаңалықтары