$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.12.2019, 22:44
Жаңалықтар

«Ордабасы» еурокубок ойындарынан шеттетілуі туралы ресми жауап берді

Бүгін қаржылық себептерге байланысты «Ордабасы» командасының алдағы екі жылда еурокубок ойындарынан шеттетілгені хабарланған еді

«Ордабасы» еурокубок ойындарынан шеттетілуі туралы ресми жауап берді
Фото: ашық дереккөзден

Шымкенттің «Ордабасы» клубының басшылығы команданың еурокубок ойындарынан шеттетілуіне байланысты ақпаратқа ресми жауап берді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі.

«Ордабасы» футбол клубы 2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі барлық кредиторлық қарыздарымен есептесті. Енді УЕФА талаптарына сәйкес сертификатқа үміткер ретінде лицензия процесін өтуде. Осыған байланысты «Ордабасы» футбол клубының курокубоктан шығарылу қаупі жоқ», - делінген таратылған ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін қаржылық себептерге байланысты «Ордабасы» командасының алдағы екі жылда еурокубок ойындарынан шеттетілгені хабарланған еді.

«Ордабасы» клубы еурокубок ойындарына 2012 жылдан бері бес мәрте қатысқан. 2018 жылы қаржылық себептерге байланысты команда еурокубок ойындарынан шет қалып қойды. Олардың орнына еурокубокта Қостанайдың «Тобылы» ел намысын қорғады.

Серіктес жаңалықтары