$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.12.2019, 17:48
Жаңалықтар

УЕФА «Ордабасының» Еуропа лигасынан шеттетілгені жайлы хабарлады

Шымкенттік футбол командасы алдағы екі маусым бойы еурокубок ойындарына қатыса алмауы мүмкін

УЕФА «Ордабасының» Еуропа лигасынан шеттетілгені жайлы хабарлады
Фото: «Ордабасының» ФК

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы 2020/2021 маусымға арналған Еуропа лигасына қатыса алмайды. Сондай-ақ 2021/2022 маусымда да шымкенттік команда (Еуропа лигасына жолдама алған жағдайда) бұл турнирге қатыса алмауы мүмкін. Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайтында хабарланды.

УЕФА сайтының хабарлауынща, қазақстандық команда Financial Fair Play (FFP) талаптарын бұзғаны үшін жазаланып, клубқа 100 мың еуро көлемінде айыппұл салынды. Егер «Ордабасы» командасы 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін 2019 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша кешіктірілген кредиторлық берешегін төлегенін дәлелдей алса, жазадан құтылуы мүмкін.

Fair Play қаржылық ережесін бұзғаны үшін шымкенттік «Ордабасыдан» бөлек словениялық «Олимпияға» 75 мың еуро, ал сербиялық «Црвена Звезда» командасына 50 мың еуро айыппұл салынды.

Алдағы маусымда Қазақстан прмьер-лигасында ІІІ орын алған «Ордабасы» командасы еурокубок ойындарына қатыса алмау қаупі бар. Еске сала кетейік, 2018 жылы «Ордабасы» салық берешегі үшін Еуропа лигасынан шеттетіліп, оның орнына қостанайлық «Тобыл» командасы өнер көрсеткен еді. Биыл да «Тобыл» командасы шымкенттік командадан кейін 4 орынды иеленді.

Серіктес жаңалықтары