Қазақстандағы ауасы ең лас өңірлер анықталды
Экология министрлігі жүргізген зерттеу нәтижесі белгілі болды

Қарағанды мен Павлодар еліміздегі ауасы ең лас өңірлер! Экология министрлігі жүргізген зерттеу нәтижесі осындай, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап.
Ауаның ластануына көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциялары, тау-кен металлургия секторы, мұнай өндіру мен көлік құралдарының әсері мол.
2018 жылы ауаға тараған лас қалдықтардың көлемі екі жарым миллион тоннаға жеткен. Әрі ол жыл сайын 100 мың тоннаға өсіп келеді.
«Өңірлердегі шығарындылардың негізгі үлесі Қарағанды және Павлодар облыстарында, яғни шамамен 56 пайызды құрайды. Егер тиісті шара қабылданбаған жағдайда, 2030 жылы болжам бойынша ластаушы заттардың эмиссиясы 3,6 млн тоннаға дейін өсетін болады», деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.