$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.08.2021, 15:10
Жаңалықтар

Тоқтар Әубәкіров коронавирус жұқтырды

Халық қаһарманы басында ауруханаға жатудан бас тартқан

Тоқтар Әубәкіров коронавирус жұқтырды
Тоқтар Әубәкіров, фото: sputniknews.kz

Қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіров коронавирус жұқтырып, Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бұл туралы ҚР Президенті істері басқармасы медициналық орталығының баспасөз қызметінен хабарланды.

«Науқастың айтуынша, алтыншы күні ауырып, «сумамед» препаратын өз бетінше қабылдаған, медициналық көмекке ауруханаға жүгінбеген. ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының мобильді бригадасының 23-ші дәрігері үйде кеуде сегментінің компьютерлік томографиясын жүргізді және талдау нәтижелері бойынша оны Нұр-Сұлтан қалалық инфекциялық орталығына емдеуге жатқызуға жіберді. Науқас ауруханаға жатудан бас тартты», - делінген хабарламада.

Науқасты тексергенде, жалпы жағдайы тұрақты, сатурация - 95% көрсетіп, дене температурасы - 36,6 градус болған. Сосын одан ПТР-тест алынды.

ПТР-тест нәтижесі бойынша Тоқтар Әубәкіровтің коронавирус жұқтырғаны анықталған. 24 тамызда таңертең ол Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына (орташа COVID-19) жатқызылған. Қойылған диагноз - екі жақты полисегментальды пневмония - КT-1.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, ғарышкер коронавирусқа қарсы вакцина алған. Ол вакцинаның екінші компонентін 17 сәуірде салдырған.

Бұған дейін журналист Жұмабике Жүнісов Facebook парақшасында Денсаулық сақтау министрлігінің басшысына хат жолдап, Тоқтар Әубәкіровтың алтын күн бойы жедел-жәрдем күткенін айтқан болатын.

«Қазір үйде жатырмын. Ештеңе жазып берген жоқ. Тым болмаса қалай, немен емделу керектігін айтпады. Бірде-бір сұрағыма нақты жауап алған жоқпын. Баспасөз мәслихатын жинайтынымды айтқан кезде ғана реакция болды», - деген оған ғаррышкер.

Серіктес жаңалықтары