21.08.2021, 03:44
Жаңалықтар
Қазақстандық балуан қыз әйелдер күресінен жастар арасындағы әлем чемпионы атанды
Кездесу барысында Нилуфар жеңіліп жатқан болатын
Фото: UWW
Күрес түрлерінен Уфада өтіп жатқан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына алтын жүлде түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Әйелдер күресінде 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нилуфар Раимова әлем чемпионы атанды. Ол финалда италиялық Аврора Руссмен кездесіп, 8:6 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетелік, кездесу барысында Нилуфар жеңіліп жатқан болатын. Алайда, жеңіске деген жігерінің арқасында әлемдік сынның чемпионы атанып отыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді