ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

2021-2022 жылғы мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды

Грант иегерлері құжаттарын ЖОО-ға 25 тамызға дейін тапсыруы тиіс

фото: kp.ru

2021-2022 оқу жылындағы Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекеттік білім гранты Республикалық комиссияның қорытынды отырысының нәтижесі бойынша берілді.

2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі ҚР БҒМ telegram -каналында жарияланды.

«Мемлекеттік білім гранты иегерлері ендігі кезекте оқуға қабылдану үшін құжаттарын жоғары оқу орындарына 25 тамызға дейін тапсыруы тиіс», - делінген БҒМ хабарламасында.

Толық тізімді мына жерден көруге болады.

Айта кетсек, биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 75 мыңнан астам өтінім берілген. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 13 мың талапкерге артық.

Сондай-ақ, Президент тапсырмасымен гранттардың жалпы саны 5 мыңға артқан. Былтыр білім беру гранттарының саны 51 мың болса, биыл 56 мың болды.

Гранттарды бөлу кезінде алғаш рет азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін квоталар көзделген.