$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.08.2021, 14:03
Жаңалықтар

Fitch Ratings Қазақстанның пандемияға дейінгі кредиттік рейтингін растады

Халықаралық рейтинг агенттігі еліміздің кредиттік рейтингін «Тұрақты» деп бағалады

Fitch Ratings Қазақстанның пандемияға дейінгі кредиттік рейтингін растады
Фото: ашық дереккөзден

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның пандемияға дейінгі тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты». Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты хабарлады.

Fitch сарапшылары Қазақстанның тұрақты рейтингі елдің күшті фискалды позициясын, тұрақты сыртқы сауда балансын және мемлекеттік борышының төмен деңгейін көрсететінін атап өтті.

«Бұл факторлар қатерлер алдында ел экономикасына пандемиямен және энергетикалық нарықтағы құбылмалылықпен байланысты соққыларға қарсы тұрақтылық сақтауға мүмкіндік берді», - делінген хабарламада.

Экономиканың нақты секторы және ШОБ-та іскерлік белсенділікті қолдауға арналған шығыстарды арттырудың арқасында Үкіметтің ағымдағы макроэкономикалық саясатының ынталандырушы әсері ерекше атап өтіледі.

«Сонымен қатар, кредиттік бағалаудың тұрақтылығының негізгі факторларының бірі ретінде елдің елеулі халықаралық резервтерінің болуы (бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің 47%-ы) келтіріледі, оған халықаралық қаржы активтеріне салынған инвестициялардан елеулі қайтарымы және алтын бағасының өсуі арқылы қолдау жасалды», - делінген хабарламада.

Агенттік сонымен қатар Қазақстанның тұрақты рейтингіне оң әсер еткен бірқатар басқа факторларды атап көрсетеді, оның ішінде икемді айырбас бағамы, жоғары капиталдандыру және ЕДБ жұмыс істемейтін кредиттерінің үлесінің төмендігі бар.

Fitch ағымдағы жылы Қазақстанның нақты ЖІӨ-нің 2022 жылы 4%-ға дейін үдеумен 3,5% деңгейінде өсуін болжайды.

Бұған дейін, 2021 жылы 11 тамызда Moody's кредиттік агенттігі Қазақстанның рейтингін «Тұрақты» болжамымен Baa2 деңгейіне дейін көтерді.

Серіктес жаңалықтары