Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Синоптиктер алты облыс пен бір қалада ауа райына байланысты ескерту жариялады

Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
24 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде боран соғады. Оңтүстік-батыс пен батыстан жел соғады. Кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Осы күні Көкшетау қаласында таңертең және күндіз жаяу бұрқасын көтеріледі. Түнде және таңертең оңтүстік-батыс пен батыстан қарқыны 15-20 м/с болатын күшті жел соғады.
Ертең Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20м/с болатын жел соғады. Ал күндіз соғатын желдің ұйытқуы - 15-18 м/с.
Павлодар облысында 24 желтоқсанда қар жауып, кей жерлерде боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде боран соғып, тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Түркістан облысында тұман түсіп, жел соғады. Жел жылдамдығы – 15-20 м/с.