Головкиннің шаршы алаңға нақты қашан шығатыны белгілі болды
IBF ұйымы Головкинге тиесілі белбеуге міндетті үміткер ретінде польшалық боксшы Камил Шереметаның есімін атады
IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн қазақстандықтың шаршы алаңға қашан оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі prosports.kz-ке сілтеме жасап.
IBF ұйымы Головкинге тиесілі белбеуге міндетті үміткер ретінде польшалық боксшы Камил Шереметаның есімін атады. Бұрын хабарланғандай, тараптар жекпе-жектің барлық егжей-тегжейін талқылап болған, енді жекпе-жектің өтетін күнін таңдау ғана қалды.
«Головкин Шереметамен наурыздың соңында, дәлірек айтқанда 28-інде кездесуі ықтимал», - деді Хирн Bokser.org-ке берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, GGG 5 қазанда украиналық Сергей Деревянченкомен болған жекпе-жекте екі әлем чемпионы белбеуін жеңіп алған болатын.