$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.08.2021, 01:29
Жаңалықтар

Елордада 366 мыңнан астам адам КВИ-ге қарсы екпе алды

Елорданың бас дәрігері жұрттың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарай бастағанын атап өтті

 

Елордада 366 мыңнан астам адам КВИ-ге қарсы екпе алды

Екпенің бірінші компонентін 366 мыңнан артық адам алды, ал толық иммундаудан 284 мың азамат өтті. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

Басқарма басшысының айтуынша елордада екпе алған азаматтар арасында әр апта сайын бағалы заттардың ұтысы ойнатылады. Бүгінде қала әкімдігі 35 бағалы затты ойнатты.

«Бұдан бөлек, қала әкімі Алтай Көлгінов екі бөлмелі пәтердің ұтысы туралы хабарлады. Пәтер ұтысына бірінші компонентті 25 маусымнан бастап 31 тамызға дейін алған 18 жастан жоғары қала тұрғындары қатыса алады», - деп еске салды Мұратов.

Бастапқы медициналық-санитариялық көмек беру ұйымдарында, сауда ойын-сайық орталықтарында, сауда үйлерінде екпе алған азаматтар ұтысқа қатыса алады. Әкімдіктің деректеріне сәйкес жылжымайтын мүліктің ұтысы қыркүйекте жоспарланып отыр.

Елорданың бас дәрігері жұрттың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарай бастағанын атап өтті.

«Соңғы уақытта халықтың вакцинацияға деген белсенділігі байқалады. Жұрт өз денсаулығына, айналасындағы адамдардың денсаулығына саналы түрде қарай бастады. Коронавирустың жаңа қауіпті штаммы – «Дельтадан» сақтана бастады», - деп мәлімдеді спикер.

Айта кетейік, елордадағы егу пункттері күн сайын сағат 10.00-ден бастап 22.00-ге дейін күшейтілген режимде жұмыс істейді.

 
Серіктес жаңалықтары