04.08.2021, 09:09
Жаңалықтар
Еркін күрестен Нұрислам Санаев Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады
Спортшы алғашқы кездесуін Гвинея-Бисау елінің өкілі Иуна Фафе Диамантиноға қарсы өткізді
Токио Олимпиадасында еркін күрес бойынша сайыстар басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Жарыстың алғашқы күнінде 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде балуандар кілемге шықты. Қазақстан құрамасынан Нұрислам Санаев алғашқы кездесуін Гвинея-Бисау елінің өкілі Иуна Фафе Диамантиноға қарсы өткізді. Тартысты кездесу 7:0 есебімен отандасымыз Нұрислам Санаевтың еншісіне шешілді.
1/8 финалды сәтті аяқтаған Нұрислам Санаев ширек финалда әлем чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен кездеседі.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады