$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.08.2021, 15:12
Жаңалықтар

Сәкен Бибосынов Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Қазақ боксшысы испаниялық Габриэль Эскобарды 3:2 есебімен жеңді

Сәкен Бибосынов Олимпиаданың жартылай финалына шықты
фото: olympic.kz

Бүгін Токио Олимпиадасында бокстан жартылай финалға шыққан былғары қолғап шеберлері анықталып жатыр. 52 келіде бақ сынап жатқан Сәкен Бибосынов испаниялық Габриэль Эскобар-Маскунаномен жұдырықтасып, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Сәкен 1/8 кезеңде Әлем чемпионатының қола жүлдегері франциялық Билал Беннамды сенімді (5:0) жеңсе, 1/16 кезеңде пуэрто-риколық Янкьель Ривера Фигероаны (4:1) тізе бүктірген болатын. Бибосынов жартылай финалда британдық Джамаль Яфаимен жұдырықтасады. 

Бокстан Токио Олимпиадасының жартылай финалына өткен Сәкен Бибосынов Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, бүгінгі жекпе-жегін қорытындылады.

«Жекпе-жек ауыр өтті. Бірінші раундта басымдық танытқаныммен, екінші раундта қателік жібердім. Бойымның ұзындығына қарамастан, қарсыласымды өзіме жақындатып алдым. Негізі, қарсыласым лас жұдырықтасады екен.

Екінші раундтан соң бапкерім намысымды оятып, келесі кезеңге жақсы тактика қойып берді. Сол кісінің айтқандарын түгел орындадым. Енді алдағы қарсыласым да оңай емес.

Ұлыбританиялық боксшымен спаррингтік кездесулер өткізгем, бірақ әлі ресми түрде кездесегем. Жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз», - деді Бибосынов.

Сәкен Бибосынов 2019 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Еске салайық, 1 тамызда бокстан аса ауыр салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыққан еді. 

Серіктес жаңалықтары