$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.12.2019, 10:10
Жаңалықтар

Джейкобс Головкинмен реванш өткізгісі келетінін мәлімдеді

Ол ең мықты екенін дәлелдегісі келетінін айтты

Джейкобс Головкинмен реванш өткізгісі келетінін мәлімдеді
Фото: hbo.com

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Дэниэл Джейкобс жаңа дивизиондағы сәтті дебютінен кейін қарсыластары кім болатынын анықтады, - деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Джейкобс жеңісінен кейін орта салмақтағы IBF және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкинмен реванш өткізгісі келетінін мәлімдеді. 

«Менің келесі жекпе-жегім қандай салмақта болатыны белгісіз. Мен әрі қарай дамығым келеді, ең мықты екенімді дәлелдегім келеді. Ең бастысы - бейімделу және дұрыс бағытта жылжу. Джермалл Чарломен жұдырықтасқым келеді немесе Головкинмен реванш өткізуге болады. Осы жекпе-жектерге қол жеткізе алмасам, екінші орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін Билли Джо Сондерс немесе Каллум Смитпен шыққым келеді», - деді Джейкобс. 

Джейкобс 2017 жылы Головкинмен жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіліс тапқан. Десе де ол сол уақытта Геннадий Голвкинмен 12 раундқа дейін жұдырықтасқан бірінші боксшы болды.

Серіктес жаңалықтары