02.08.2021, 13:42
Жаңалықтар
Юрий Юрков Олимпиада финалынан тыс қалды
Финалға жолдама алған 8 спортшының қатарына ену үшін Юрковқа 4 ұпай жетпей қалды
фото: olympic.kz
Токиодағы Олимпиада ойындарында 50 метрге үш позициядан нысана көздеуден ерлер арасындағы іріктеу кезеңі аяқталды. Аталған сында Қазақстан атынан Юрий Юрков өнер көрсетті. Ол 1172 ұпай жинап, іріктеу кезеңін 14-ші орынмен аяқтады.
Финалға жолдама алған 8 спортшының қатарына ену үшін Юрковқа 4 ұпай жетпей қалды.
Айта кетейік, әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында үш қола медаль бар. Алғашқысын 24 шілдеде дзюдошы Елдос Сметов иемденсе, одан кейінгі екі медальды 25 және 26 шілдеде ауыр атлет Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло алды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді