01.08.2021, 17:36
Жаңалықтар
Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасының жартылай финалына өтті
Боксшы жартылай финалда америкалық Ричард Торреспен кездеседі
Фото: Қазақстан ҰОК
Токио олимпиадасында бокстан аса ауыр салмақта ширек финалдық жекпе-жектер жалғасуда, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аса ауыр салмақта сынға түскен Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Иван Верясовпен кездесіп, жеңіске жетті.
Ол қарсыласын 4:1 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Бірінші және екінші раундта төрешілер жеңісті Қамшыбекке берсе, үшінші раундта Иван Верясовтың белсенділігі есепке алынды.
Жартылай финалда Қамшыбек Қоңқабаев америкалық Ричард Торреспен кездеседі.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы