$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.08.2021, 16:14
Жаңалықтар

Оралда суға батып бара жатқан досын құтқарған оқушы марапатталды

9-сынып оқушысы Асылан Орахаевқа ерлігі үшін арнайы медаль табыс етілді

Оралда суға батып бара жатқан досын құтқарған оқушы марапатталды

Оралда суға батып бара жатқан досын құтқарып қалған мектеп оқушысы марапатталды. Тоғызыншы сынып оқушысы Асылан Орахаевқа ерлігі үшін арнайы медаль табыс етілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Мой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 19 шілде күні Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылында болған. 15 жастағы Асылан Орахаев Орал өзеніне батып бара жатқан досын құтқарып қалған.

30 шілде күні БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы Рашид Біләлов ерлік жасаған оқушы мен оның ата-анасын шақырып, Төтенше жағдайлар министрлігінің медалін табыс етіп, алғыс білдірді.

Оқушы балаға департаменттің жеке құрамының атынан алғыс хат пен естелік-сыйлық табыс етілді.

Бұдан өзге, құтқарушылар ержүрек ұл тәрбиелеп отырған ата-анасына алғыс білдіріп, қаһарманның өзіне оқуда озат және алдағы өміріне табыс тіледі. 

 

Серіктес жаңалықтары