01.08.2021, 12:48
Жаңалықтар
Токио олимпиадасы: Мейрамбек Айнағұлов қырғыз балуанынан жеңіліп қалды
60 келіде белдескен Мейрамбек Айнағұлов алғашқы қарсыласына жол берді
Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК
Токиодағы Олимпиада ойындары аясында күрес түрлерінен 1/8 финалы өтіп жатыр. 60 келіде белдескен Мейрамбек Айнағұлов алғашқы қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта күрескен Мейрамбек қырғызстандық Жоламан Шаршенбековтен жеңілді. Белдесуде 8:0 есебімен алға шығып, айқын басымдықпен аяқтаған қырғызстандық балуан келесі айналымға өтті.
Қырғызстан өкілі Жоламан Шаршенбеков финалға шыққан жағдайда, Мейрамбек Айнағұлов жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
