$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.08.2021, 12:11
Жаңалықтар

КВИ таралуы бойынша еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр

Өткен тәулікте республика бойынша 7803 адам коронавирус жұқтырған

КВИ таралуы бойынша еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 1 тамызда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр», - делінген ДСМ хабарламасында.

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 7 803 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 580 379 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 104 адам көз жұмды

 

Серіктес жаңалықтары