$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.07.2021, 00:22
Жаңалықтар

«Rixos Water World Aktau» қонақүй кешенінде барлық концерттік шара тоқтатылды

Кешен аумағына мониторинг топ бақылау жүргізеді

«Rixos Water World Aktau» қонақүй кешенінде барлық концерттік шара тоқтатылды
Фото: booking.com

«Rixos Water World Aktau» көпфункционалды туристік қонақүй кешенінде барлық концерттік шара тоқтатылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратованың төрағалығымен өткен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі аймақтық штабтың отырысында айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, екі күнге созылған жиынға прокуратура, полиция департаменті, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен облыстық мәслихаттың депутаттары және кәсіпкерлер қатысты.

Жиын барысында жедел штабтың мүшелері өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты бірқатар шектеу шарасын енгізді.

«Сағат 20:00 -ден кейін Rixos Water World» кешенінің аумағында ешқандай шара өтпеуі тиіс. Барлық қызмет жеке бөлмелерде көрсетілуі қажет. Кешен аумағындағы концерт пен ойын -сауық шараларын тоқтатасыздар. Кешен аумағына мониторинг топ бақылау жүргізеді. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты санитариялық дәрігердің барлық талабы орындалуы қажет. ASHYQ жобасы аясында жұмыс істеп жатқан кәсіркерлік нысандар заң аясында, карантин талаптарын сақтай отырып жұмысын жалғастырады. Алайда адам көп шоғырланатын орындарда жиын, концерт өткізуге қатаң тыйым салынады. Мұндай шаралар өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қолға алынып отыр. Біз үшін ең бастысы тұрғындардың денсаулығы, халықтың амандығы. Сондықтан ел басына қиындық түскен уақытта ел үшін бірігіп жұмыс істейтін уақыт жетті»,- деді Гүлмира Қалмұратова.

«Rixos Water World Aktau» кешенінің бас менеджері Серік Исағалиевтің айтуынша, кешен ASHYQ жобасының аясында жұмыс істеп тұр.

«Біз «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Қаулыға сәйкес, қонақүйді 50%-ға дейін ғана толтырамыз. Айта кетейік, қонақтардың 90 пайызы – Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан келгендер. Біздің қызметкерлер екпені белсенді түрде алып жатыр. Күніне 5-10 адам вакцина алады. Тамыз айынан бастап келушілерден ПТР тестін талап етеміз. Эпидемиологиялық ахуал қалпына келгенше, қонақүй аумағындағы концерттерді тоқтатуға жұмыстанамыз», - деді Серік Исағалиев.

Өз кезегінде Гүлмира Қалмұратова мониторинг топтардың санын көбейтіп, олардың жұмысын күшейту мақсатында мониторингтік топтардың құрамын өзгертуді тапсырды.  Облыс әкімі орынбасары олардың құрамына депутаттарды, ерікті жастарды қосуды тапсырды. Нәтижесінде Ақтаудағы карантин талаптарының сақталуын қатаң бақылайтын мониторинг топтарының саны 12-ге дейін көбейтілді. Бұдан бөлек, Жаңаөзен қаласы мен аудандардағы топтардың санын ұлғайту жүктелді.

Серіктес жаңалықтары