Ольга Рыпакова Олимпиада финалына шыға алмады
Қазақстандық спортшы алғаш рет Олимпиададан жүлдесіз қайтады
Бүгін Токио Олимпиадасында үш қарғып секіруден жарысқа қазақстандық спортшылар қатысты. Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова, сондай-ақ, Мария Овчинникова мен Ирина Эктова бағын сынады.
Үш Олимпиададан қатар жүлде алған Ольга Рыпакова бұл жолы финалға шыға алмады. Мария Овчинникова 13.34 метрге секіріп, финалдан қағылды. Ирина Эктова 12,90 метр көрсеткішімен өз тобында 14-орын алды. Финалға үздік 12 спортшы өтті.
Еске салайық, 29 шілдеде қазақстандық олимпадашылардың тағы бір тобы Алматыдан Токиоға ұшып барды. Делегация құрамында 44 адам бар, спортшылар қатарында еркін және әйелдер күресі, әртістік жүзу, көркем гимнастика мен жүзу, бессайыс пен жеңіл атлетика спортының өкілдері келген.