$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.07.2021, 16:20
Жаңалықтар

Теңіз кен орнында коронавирус жұқтырғандар көбейді

Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 46 науқас анықталды

Теңіз кен орнында коронавирус жұқтырғандар көбейді
Теңіз кешені, фото: kapital.kz

Атырау облысында бір тәулікте 422 адам Covid-19 жұқтырған. Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 422 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 246 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 46 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 58 науқас, Индер ауданында - 15, Исатайда- 12, Қызылқоға ауданында - 16, Құрманғазы ауданында - 12, Мақат ауданында - 8, Махамбет ауданында - 9 адам. 

Коронавирустық инфекциясы бар 341 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 81 адамда ауру белгілері жоқ. 

Қазір 4191 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 198, екінші облыстық ауруханада – 198 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 77, кардиоорталықта - 105, т/ж ауруханасында - 111 адам ем алуда, аудандық инфекциялық стационарларда - 378, облыстық ауруханада - 39, жатақханада - 87, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 289 науқас.

Серіктес жаңалықтары