Елордада есігін жауып алып жұмыс істеген 8 мекеме анықталды
Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті басқармаға табысталды
Елорданың мониторинг топтары өткен тәулікте 8 кәсіпкерлік нысанның карантин талаптарын бұзғаны анықталды.
Есіл ауданында «Chechil Pub» барында, «Чир-Chic», «Veranda» мейрамханаларында жұмыс тәртібі сақталмаған. Сондай-ақ, «Аlanya» караоке-мейрамханасы есіктерін жауып жұмыс істеген.
Сарыарқа ауданында карантин талаптарын бұзғандар тізімінде «K-RIMA» палау орталығы, «Пей здесь» лаундж-бары бар.
Белгіленген уақыттан кейін Алматы ауданында орналасқан «Еда мира» кафесіне, «Пар house», «Parilkino» сауналарында келушілерді қабылдаған.
Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.