Жазушы Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оның денесі 29 шілде күні өз үйінен табылған
Жазушы Аягүл Мантай қайтыс болғаннан кейін Түркістан облысының полицейлері қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеу амалдары «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабы бойынша басталған.
Жазушының мезгілсіз қазасы әлеуметтік желілерде резонанс тудырды. Желі пайдаланушылары марқұмды өлімге итермелегенін айтуда.
«Суицид жайты Жетісай АПБ полицейлерімен ҚР ҚК-нің 105-бабымен «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлермен қажетті деген іс-шаралардың барлығы атқарылуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады», - деді Түркістан облысы ПД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.