ШұғылӨткен тәулікте 3000-ға жуық адамнан КВИ анықталды

Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанлоға су жаңа автокөлік кілті табыс етілмек

Олардың жеке бапкері мен ұлттық құраманың бас бапкері ақшалай сыйақы алады

ҚР ауыр атлетика федерациясы Токио Олимпиадасында қола жүлде алған Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанлоға су жаңа Toyota Camry автокөлігін сыйламақ. Сондай-ақ олардың жеке бапкері мен ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері ақшалай сыйақы алады.

Спортшыларға автокөліктің кілтін жақын күндері Ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков табыстайды.

Еске салайық, 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Игорь Сон жұлқа көтеруде 131 келіні, серпе көтеруде 163 келіні бағындырып, қос жаттығу нәтижесі бойынша үздік үштікке енді.

Ал, 55 келіге дейінгі салмақта жарысқа түскен Зүлфия Чиншанло қоссайыс қорытындысы бойынша 213 келі (90+123) көтеріп, филиппиндік Хидилин Диас пен қытайлық Цююнь Ляоға ғана есе жіберді.