ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны азайып келеді

Жайық өзенінде үш браконьер ұсталды

Браконьерлерден 1,6 кг  «стерлет», 0,2 кг болатын бір лақашық тәркіленді

фото: polisia.kz

27 шілдеде Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері БҚО полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп «Круглоозерное» кенті ауданында Жайық өзенінде рейд өткізу кезінде бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулаған үш азаматты ұстады.

Ұстау орнында жалпы салмағы 1,6 кг болатын «стерлет» түрінің екі данасы және салмағы 0,2 кг болатын бір лақашық табылып, тәркіленді. Балық ресурстарына келтірілген зиян 467 500 (төрт жүз алпыс жеті мың бес жүз) теңгені құрады.

Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін аулау үшін жауапкершілік ҚР ҚК-нің 339-бабында (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдік немесе жануар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану) үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде көзделген.

Осыған байланысты, инспекция қызметкерлері жинаған материалдар қылмыстық іс қозғау үшін табиғатты қорғау полициясының қызметкерлеріне берілді.