Қазақстанда КВИ таралуы бойынша «қою қызыл» аймақтар пайда болды
Жаңа қаулыда «қою қызыл» аймақ үшін жеке карантиндік шектеулер енгізілген

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ердан Қиясов қол қойған жаңа қаулыда «қою қызыл» аймақ ұғымы пайда болды, деп хабарайды Azattyq Rýhy.
«Қоңыр-қызыл» аймақ – инфекциялық төсек-орындарының толтырылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және төсек-орындардың толтырылу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден жоғары болған аймақ», - делінген құжатта.
Еліміздің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында «қою қызыл» аймақ үшін жеке карантиндік шектеулер енгізілген.
«2021 жылғы 2 тамыздан бастап «қоңыр-қызыл» аймақта әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы қаулының 9-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, «Ashyq» жобасына қатысушыларды қоса алғанда, меншік нысандарына қарамастан, барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін демалыс күндері тоқтата тұрсын», - делінген Қаулыда.