Жаңа оқу жылынан бастап отандық ЖОО қашықтан білім беру жүйесін тоқтатады

Петропавлдағы Қозыбаев университетінің студенттері жаңашылдыққа наразылық танытып отыр

Жаңа оқу жылынан бастап отандық ЖОО қашықтан білім беру жүйесін тоқтатады
Фото: РИА Новости

Жаңашылдыққа қарсы Петропавлдағы Қозыбаев университетінің студенттері ректорға петиция жолдамақ

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі жоғары оқу орырндары қашықтан білім беру жүйсесін тоқтатады. Оған Білім және ғылым министрлігінің ережесіне өзгеріс енгізілуі себеп. Петропавлдағы Қозыбаев университетінің студенттері жаңашылдыққа наразылық танытып отыр. Жастар оқу орынының ректорына петиция жолдамақ. Әзірге қол жинау процесі жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

ОҚУ АҚЫСЫ ЕКІ ЕСЕГЕ ЖУЫҚ ҚЫМБАТТАЙДЫ

Евгения Қылышбекова Қозыбаев университетіндегі қашықтан оқу бөлімінің 3-ші курс студенті. Колеледжді тәмамдаған соң жоғары білім алмақ мақсатта бірден университетке түскен. Өзі Петропавл қаласында тұрса да, ауданындағы мектептердің бірінде музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Кішкентай баласы бар. Отбасылы келіншектің күндізгі бөлімде оқитын мүмкіндігі жоқ. 

«2020 жылы колледжден кейін группаластарымызбен Қозыбаев университетіне оқуға түстік. Орта арнаулы біліміміз болғандықтан 2-ші курсқа қабылдандық. Бастапқыда біздің қашықтан оқитынымыз айтылды. Келісімшарт жасалды. Жуырда ғана кездейсоқ қашықтан жұмыс істейтін бөлім жабылатынын айтты. Қазақстан бойынша ешқандай оқу орнында білімімізді жалғастыра алмаймыз. Ал ресейлік университетте құжат қабылдау науқаны аяқталды. Енді біз не істеуіміз керек? Қазір мен жұмыстан шыға алмаймын. Жұмыстан шықсам, оқуымның ақысын кім төлейді? Былтыр жылына 200 мың  болды. Күндізгі бөлімге қабылдансақ, бұл сома екі есе көбейеді. Бір жыл уақытымыз бен қаражатымыз зая кеткелі тұр. Біз қашықтан оқып бастадық па, солай аяқтауға мүмкіндік берілуі тиіс. Топтағы  жастардың көпшілігі ауылдық жерлерде, басқа қалаларда тұрады», - дейді Евгения Қылышбекова.

СТУДЕНТТЕР МҰНДАЙ ӨЗГЕРІСКЕ НАРАЗЫ

 ҚР Білім және ғылым министрлігінің қашықтан білім беру жөніндегі ережесіне енгізілген өзгертулерге сәйкес, медицина, педагогика, заң, әскери іс, ветеринария, авияция, құрылыс саласының болашақ мамандары тек күндізгі бөлімде білім алады. Университет басшылығы студенттермен онлайн кездесулер өткізіп, барлығы түсіндіріліп жатқанын айтты. Ал проблеманың шешімін ұсына алмады. Себебі оқу орын министрліктің бұйрығына тәуелді.

«Қозыбаев университеті оқу процесін жүргізу барысында Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 20 наурызында шыққан 137 бұйрығы бойынша, яғни қашықтан оқыту технологиясы бойынша жұмыс істеді. Бұл ережеге 2021 жылдың 25 қаңтарында толықтырулар енгізілді. Оған сәйкес біздің студенттердің оқу форматына өзгеріс енгізілуде. Жаңа сабақ кестесін құрып жатырмыз. Студенттер оқу орнына келіп оқуы тиіс. 80 күндізгі, 20 пайыз қашықтан өтеді. Көптеген сұрақтар туындап жатқаны белгілі. Әрине жұмыс істеп жатқан студенттерге ығайсыз болып жатқаны анық. Көзқарастарын да сұрап жатырмыз. Сабақ кестесін қалай құрған дұрыс екенін білдік.  Бірнеше нұсқасын әзірледік. Оны студенттерге таныстырдық. Екі түрлі сабақ кестесін қабылдауды жөн көріп отырмыз. Бір семестрде студенттер 5 апта университетте оқуы тиіс. Оның екеуі мектептердегі каникул уақытымен сай келеді. Ертеректе студенттер дәл осындай форматта оқыды. Екі семестрде 10 апта оқу орнының қабырғасында өтуі тиіс», - деді Kozybayev university академиялық мәселелер бойынша басқарма мүшесінің м.а. Жанар Таласпаева.

Яғни, студенттер академиялық кредиттердің жалпы көлемінің 20 пайызын қашықтан, қалған 80 пайызын күндізгі оқу бөлімінде жалғастыруы тиіс. Мамандардың айтуынша, бұл сапалы білім беру мақсатында жасалған. Солтүстік өңірдегі жалғыз жоғары оқу орны өкілдерінің сөзінше, бұл өзгеріспен келіспеймін деген студенттер құжаттарын алып, өзге университетте оқуын жалғастыра алады. Әзірге студенттер арасында құжаттарын қайтарып алғандар жоқ.  Себебі ақпарат тым кеш жеткізілген.

«Біз үшін өте қиын жағдай.  Біз бұл өзгеріс жайында өте кеш білдік. Ақшадан бұрын кеткен уақытқа қапаланамын. Қазір пандемия. Ешкімге оңай соғып жатқан жоқ. Университетке түскен кезде шарт басқа болды. Аяқасты өзгеріп жатыр. Мен оқуымды орта жолдан тастап кетуге мәжбүрмін. Өзім облыстық филармония мен балабақшада жұмыс істеймін. Музыкантпын. Жалақым мардымсыз. Білім алуды жалғастыруға мүмкіндігім жоқ. Куратор ақпаратты уақытылы бермей отыр. Өткен дүйсенбі күні ғана барса, жоғары оқу орындарының емтиханы өтіп кетіпті. Жас емеспіз, ата-анамыздан жұмыс ала алмаймын. Келесі жылы Ресейдің оқу орындарының біріне оқуға баруға мәжбүрмін», - дейді Надежда Калинина.

Қашықтан оқып жатқан 800-ден астам адамның көпшілігі ауылдық жерде тұрып жатыр. Студенттер оқу орнының ректорына жолданатын петицияға әзірге 200-ге жуық адам қол қойған. Олар бастапқыда жасалған келісімшартқа сәйкес қашықтан оқу форматын өзгертпеуді талап етіп отыр.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.