$ 514.5  582.67  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.12.2019, 11:27
Жаңалықтар

БҚО-да жаңа мектептің жобасына бөлінген ақшаның қайда кеткені белгісіз

Оқушылар әлі де үш жыл бұрын апатты деп танылған мектепте оқып жатыр

БҚО-да жаңа мектептің жобасына бөлінген ақшаның қайда кеткені белгісіз
Фото: uralsweek.kz

Қазталов ауылында үш жыл бұрын мектеп ғимараты апатты деп танылды. 2017 жылы 900 орынға арналған мектеп жобасын құруға 13 миллион теңге бөлінгенмен, мектеп құрылысы әлі басталмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Орал апталығына» сілтеме жасап. 

Алма Оразбаева атындағы апатты мектептің қабырғалары жарылған. Сыныптарда балалардың қауіпсіздігі үшін төбелерге темір тіреулер орнатылған. Зертханалық кабинеттің бұрыштарына бірнеше темір тіреуіштер қойылып, олар ғимараттың сыртына шығарылған. Мектепті 6 жыл бойы басқарып келе жатқан Әлия Ғұсманованың айтуынша, әр көктем сайын жертөле еріген суға толады. 

«Жыл сайын су-төбемен бірдей, біз оны сорып шығарамыз, ал жаз бойы жертөлелерді құрғатамыз және желдетеміз. Жертөледе іргетас шөгіп, ғимараттың өзі де құлап барады. Мектеп түгел жарылып барады, күн сайын жарықтар көбейіп келеді. Өздеріңіз білесіздер, бұл өте қорқынышты», — дейді Әлия Ғұсманова. 

Оның айтуынша, мектепте оқушыларға мектепте орын да жетіспейді. Қазір мұнда 643 оқушы білім алуда.

Облыс әкімдігі мектеп апатты жағдайда екенін және жаңа ғимарат үшін жоба әзірленетінін хабарлаған.

2017 жылы облыс мәслихаты 900 орынға арналған мектеп жобасын құруға 13 миллион теңге бөлді. Өткен жылдың соңында жоба әзірленіп, сараптамадан өтті. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында жаңа мектеп құрылысын бастау жоспарланған болатын. Бірақ құрылысы сол күйі басталмаған.

Білім және ғылым министрлігі: «…Бүгінгі күні Казталов ауылында 2 мектеп жұмыс істейді, олардың бірінде 401 оқушы оқиды,бұл ғимараттың жобалық қуаты-960 орын. Ал басқа мектеп апатты деп танылды. Осылайша, Казталов ауылында 960 оқушы оқи алатын орын бар. …. Сондықтан республикалық бюджеттен қаражат бөлу мүмкін емес», деп жауап берді. 

Ал Экономика министрлігі көзделген қаражат шеңберінде жергілікті атқарушы органдар білім беру объектілерін іске асырудың басымдығын өздері айқындайтынын айтты. 

Облыстық әкімдік журналистерге былай деп жазбаша жауап берді: «Бюджеттік өтінімді құжаттармен бірге 900 орындық мектептің құрылысы туралы ҚР білім және ғылым министрлігіне жолданды. Таяу жылдарда оқушылар контингентінің 900 адамға дейін өсуі байқалмайды, сондай-ақ мектеп салу нормасы оқытуды екі ауысымда жүргізу есепке алынады, бұл жобаның қуатын екі есеге азайтады. 900 орындық жоба түзетуді талап етеді. Бүгінгі күні 600 орындық мектеп құрылысына ЖСҚ түзету жұмыстары жүргізілді, осы жұмысқа бюджеттен қаражат қарастырылмаған».

Казталов ауданының құрылыс бөлімінің басшысы Әділжан Өтебаевтың айтуынша, бүгінгі күні Қазталов ауылындағы 600 орындық мектеп жобасы әзірленіп, тапсырыс беруші — БҚО құрылыс басқармасына осы жылдың маусым айында балансқа берілді. 

«Мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер, біздің ақпаратымыз бойынша өткен, келесі жылы сәуір айында жаңа мектептің құрылысы басталады. 900 орындық мектеп жобасына келер болсақ, ол да облыстық басқармаға әзірленіп, тапсырылды», — деді Әділжан Өтебаев.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#мектеп #БҚО