ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны азайып келеді

Жамбыл облысында полицейлер күшейтілген қызмет түріне көшті

Қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі іс-шараларға 500-ден астам полицей жұмылдырылды

 
Фото: sputniknews.kz

Жамбыл облысында полицейлер күшейтілген қызмет түріне көшті, деп хабарлайды Polisia.kz.

24-28 шілде аралығында Жамбыл облысы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдерін сайлау шарасының өтуіне байланысты күшейтілген қызмет атқару түріне ауыстырылды.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға 500-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Түрлі құқықбұзушылықтарға, оның ішінде сайлау өткізу орындарында жедел ден қою үшін қосымша жедел-тергеу топтары құрылды. Олардың құрамына прокуратура қызметкерлері де кірді. Полиция бюллетеньдерді сайлау орындарына жеткізу кезінде сүйемелдеуді қамтамасыз етті және барлық сайлау учаскелері қауіпсіздік тұрғысынан тексерілді.  

«Облыстағы сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты болды, қоғамдық тәртіпті бұзу тіркелген жоқ. Жамбыл облысында барлық 89 сайлау учаскесінде сайлау процесі аяқталды», – деді Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді  Әшкеев.