$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.12.2019, 00:16
Жаңалықтар

Елімізде пойыз билетінің құны қымбаттайды

Келесі жылдан бастап пойызбен жол жүру ақысы 7 пайыз өседі

Елімізде пойыз билетінің құны қымбаттайды

Пойыз билеттері тағы да халықтың қалтасын қаққалы тұр. Келесі жылдан бастап жол жүру ақысы жеті пайызға өседі. «Қазақстан теміржолы» билеттің қымбаттауы вагондардың тапшылығын жояды деген сенімде. Өйткені, жаңа вагондарды сатып алуға қаржы жоқ екен.

«Жыл сайын инфляция деңгейіне көтерілуі керек. Жылдың басынан көтерілмегеннен кейін, жылдың аяғында болғаннан кейін 10 пайызға көтердік. Келесі жылы да үмітіміз бар, инфляция деңгейіне көтеріледі деген. Ол - 7 пайыз.  Билет арқылы қайтармасақ, басқа табыс көзі жоқ», - деді «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Серік Әбденов.

Жұрттың есебінен жыртығын жамағысы келетін ұлттық компания биыл сатып алған 63 вагонға тағы 146 вагон қосады. Сөйтіп, ең алдымен, елдің батыс өңірі мен Алматы бағытындағы тозығы жеткен пойыздар жаңартылады. Егер монополист компания билет тарифінің өсуінен бас тартса, онда алақан жайып, мемлекеттен 2 миллиард 800 миллион теңге субсидия сұрамақ. Десек те, Сенат спикері темір жолдардың жағдайының мәз еместігін алға тартты. Дариға Назарбаева «Қазақстан темір жолының» жыл сайын тек жолдардың аз ғана бөлігін жаңартып жөндейтініне қынжылды. Бұл шенеуніктердің транзиттік әлеует туралы мақтана айтып жүргенімен мүлдем сәйкес келмейді.

«Темір жолдардың жалпы ұзындығы – 16060 шақырым, оның шамамен, 3 мың шақырымы ғана жөнделген. Теміржол былай тұрсын, автомобиль жолдары нашар. Шекаралардағы инфрақұрылым туралы айтпай-ақ қояйын. Әрине, мұндай кезде тасымалдаудың өзге түрлері пайда болады», - деді Сенат спикері Дариға Назарбаева.

Дереккөз: КТК арнасы
 

Серіктес жаңалықтары