Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан президентіне көңіл айтты
Су тасқынынан 136 адам қаза тапты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Президенті Рам Нат Ковиндке көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті Махараштра штатында болған су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және үйлер мен ғимараттардың қирағаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.
«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Із-түзсіз жоғалған отандастарыңыз өз отбасыларына аман-есен оралсын. Осындай қиын-қыстау шақта біз Үндістан халқымен біргеміз», – делінген жеделхатта.
Соңғы ақпаратқа сәйкес, табиғи апаттан 136 адам қаза тапқан. Олардың саны әлі де өсуі мүмкін, өйткені ондаған адам із-түссіз жоғалғандар қатарында.