24.07.2021, 09:49
Жаңалықтар
Елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 74 адам көз жұмды
1 325 науқастың жағдайы ауыр
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан 74 адам қайтыс болды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
22 шілдеде 225 адамнан пневмония анықталса, 10 адам осы аурудан қайтыс болған.
24 шілдедегі жағдай бойынша, 75 005 адам коронавирустан емделіп жатыр (73 091 КВИ+ және 1 914 КВИ-). Олардың ішінде 21 681 науқас ауруханада жатса, 53 324-і үй жағдайында емделуде.
- 1 325 науқас – ауыр халде
- 287 науқас – аса ауыр халде
- 175 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.
Айта кетейік, соңғы екі күннен бері Қазақстанда коронавирустың таралу қарқыны күр өсіп, тәуліктік жұқтыру көрсеткіші 6 мың адамнан асып жатыр.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді