$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.07.2021, 23:20
Жаңалықтар

Қызылорда облысындағы шаруа қожалығында 3 мың орам шөп өртеніп кетті

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Қызылорда облысындағы шаруа қожалығында 3 мың орам шөп өртеніп кетті
фото ашық дереккөзден

Қызылорда облысында шаруа қожалықтарының бірінің аумағында 3 мың орам шөп жанып кетті деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті

«21 шілде күні сағат 20.20-да Жаңақорған ауданының М.Нәлібаев ауылында «Бақытжан» шаруа қожалығының аумағында 3 мың орам шөп толығымен жанып кетті. Өрт сағат 00:30-да сөндірілді», - деп хабарлайды Қызылорда облысының ТЖ департаменті.

Өртті сөндіруге Жаңақорған ауданы ТЖ бөлімінің 3 қызметкері және бір техника, Жаңақорған ауданы Орман және жануарлар дүниесін қорғау КММ-нің 18 қызметкері және бір техника, ерікті өрт сөндіру құрылымының 4 қызметкері және бір техника, сондай-ақ 3 бірлік техникасы бар шаруа қожалығының 30 жұмысшысы қатысқан.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары