$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.07.2021, 22:43
Жаңалықтар

Әскери дәрігерлер АҚШ мамандарымен бірге бітімгершілік миссияға дайындық өткізді

Қазақстандық әскери-далалық госпиталь медицина мамандарының халықаралық курстарға және ақпарат алмасуға қатысуы олардың сапалы әрі жан-жақты даярлығына ықпал етеді

Әскери дәрігерлер АҚШ мамандарымен бірге бітімгершілік миссияға дайындық өткізді
фото ашық дереккөзден

Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Әскери медицина орталығында Қазақстан мен АҚШ қорғаныс ведомстволары арасындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде далалық госпиталь қызметіне қатысты ақпарат алмасу шарасы өтті, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Америкалық сарапшылар жедел мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді экспедициялық медициналық қамтамасыз ету бойынша тәжірибесімен бөлісті. Онда зардап шеккендерді медициналық көмек көрсетудің келесі деңгейіне – эвакуациялауға дайындайды. Қазақстан тарапынан бітімгершілік әскери-далалық госпитальдің құрамына кіретін медицина мамандары қатысты.

Қазақстан Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы, медицина қызметінің полковнигі Тимур Ошақбаевтың айтуынша, егер әңгіме, әсіресе, халқы аз және медициналық инфрақұрылымы шектеулі аудандарға қатысты болса, медициналық көмек көрсетудің жылжымалы нысандарын пайдаланудың тиімділігі жоғары және медициналық-әлеуметтік, сондай-ақ экономикалық құрамдас ретінде де қызығушылық тудырады. Қазақстандық әскери-далалық госпиталь медицина мамандарының халықаралық курстарға және ақпарат алмасуға қатысуы бітімгершілік контингентті БҰҰ миссияларына қатысуға сапалы әрі жан-жақты даярлауға ықпал ететінін атап өту қажет.

Серіктес жаңалықтары