$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.07.2021, 21:38
Жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрі Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысты

Үкімет басшысы «Ақтөбе» индустриялық аймағында орналасқан «Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС зауытын аралады

ҚР Премьер-Министрі Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысты
primeminister.kz

2021 жылғы 21-22 шілдеде ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысты, деп хабарлайды Azattyq-Ruhy  primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы «Ақтөбе» индустриялық аймағында орналасқан «Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС зауытын аралады. Кәсіпорынның қуаты – жылына 5 млн м² керамогранит пен керамикалық плитка. Жобаға салынған инвестиция көлемі 9,2 млрд теңге, оны осы жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Кәсіпорында 200-ден астам жұмыс орны құрылды. А.Мамин өндірістік қуаты жылына 122 рентген аппараты мен кешенін құрайтын «Ақтөберентген» АҚ зауытының жұмысымен танысты. Өнімнің бір бөлігі Ресейге, Өзбекстанға, Тәжікстанға және Қырғызстанға экспортталады. Биыл мемлекеттік қолдау шараларымен Ақтөбе облысының 3,3 мыңнан астам ШОБ субъектісі қамтылады. Үкімет басшысы «ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС тігін фабрикасының жұмысымен танысты, онда 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Кәсіпорын жыл сайын 1,2 млн-ға дейін өнім шығарады. Арнайы киімдердің, қорғаныш құралдарының, арнайы киімдерді шығаруға арналған жылытқыштардың кең номенклатурасының өндірісі жолға қойылған.

Премьер-Министр өңірдің энергетикалық әлеуетінің дамуын тексерді. А. Мамин «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ға барды, онда қазіргі уақытта кәдеге жаратушы қазандығы бар, қуаты 57 МВт газ турбиналық қондырғысының құрылысы жүріп жатыр. Жобаны іске асыру станцияның қуатын 175 МВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстарды 2021 жылғы желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. Қарғалы ауданының Бадамша кентінде Асқар Мамин «Arm Wind» ЖШС жел электр станциясының жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта жел электр станциясының екінші кезегінің құрылысы жүргізілуде. Станция жыл сайын сағатына 100 МВт электр энергиясын өндіретін болады. Инвестиция көлемі $85 млн құрайды, аяқтау мерзімі – биылғы жылдың қыркүйек айы.

Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Ақтөбе облысының балық саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасы таныстырылды. 10 жыл ішінде салаға 37 млрд теңге жеке инвестиция тарту, 400-ден астам жаңа жұмыс орнын құра отырып, шаруашылықтар санын 72 субъектіге дейін арттыру жоспарланған. «Green Capital Kazakhstan» ЖШС жылыжай кешенін аралау барысында Премьер-Министрге жылыжай өнімдерін өндіру бойынша қазіргі жағдайы және осы саланы одан әрі дамыту перспективасы таныстырылды. Соңғы үш жылда Ақтөбе облысында 8 жаңа жылыжай іске қосылды. 2025 жылға дейін жалпы сомасы 17 млрд теңге болатын тағы екі ірі жобаны іске асыру көзделген. Бұл жылыжай өнімдерін өндіру көлемінің 40%-ға өсуін қамтамасыз етеді.

Биылғы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға – 997,2 млрд теңгеге дейін өсті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 116,9 млрд теңгені (+2,6%), құрылыс жұмыстарының көлемі – 76,9 млрд теңгені (+5,4%) құрады, 366,5 мың шаршы метр тұрғын үй (+4,1%) пайдалануға берілді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімі 11,9%, оған 292,8 млрд теңге тартылды. 2021 жылдың соңына дейін 125,7 млрд теңге сомасына 31 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.


 

 

Серіктес жаңалықтары