$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.07.2021, 21:16
Жаңалықтар

Елорда тұрғындарының 31 пайыздан астамы спортпен айналысады

Қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтына деген қызығушылық артқан

Елорда тұрғындарының 31 пайыздан астамы спортпен айналысады
astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласында спорт үйірмелеріне үнемі қатысатын тұрғындар қатары күн санап артып келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«2021 жылғы мәлімет бойыншы елордада дене шынықтыру, спорт және дене шынықтыру-сауықтыру бағытында 574 ұжым жұмыс істейді, 378 835 адам спортпен шұғылданады, бұл қала тұрғындарының жалпы санының 31,5 %-ы. Салыстырмалы түрде алсақ, өткен жылдың дәл осы кезеңінде 564 ұжым жұмыс істесе, 340 459 адам жаттығу сабағына үнемі қатысқан. Бұл бұл қала тұрғындарының жалпы санының 29,7%», - делінген елорданың дене шынықтыру және спорт басқармасы таратқан хабарламада.

Басқарманың мәліметі бойынша спорт, дене шынықтыру-сауықтыру шараларының көбеюі қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтына деген қызығушылықты арттыра түскен.

«Былтыр пандемия кезінде мен де бір ауырып тұрдым. Біз денсаулықтың қадірін көп біле бермейміз. Сарыарқаның суығында жас күнімізден жүргендіктен де шығар, бір жағы жасымыз да келген сайын буын-буынымыз ауырып жүреді. Төрт қабырғаға қамалып үйде отыра беруге болмайды. Сондықтан араласатын құрбыларыммен 4 жылдан бері йогаға қатысып жүрміз. Көңіл күйіміз тамаша! Қаламыз көркейе берсін!» – деді зейнеткер Күләш Қалиқызы.

 

Серіктес жаңалықтары