ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 7800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Олимпиада: қазақстандық теннисші жұптық сында бақ сынамайтынын айтты

Ол Александр Бубликпен бірге микске қатысуға өтініш берген

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Олимпиада ойындарында жұптық сында бақ сынамайтынын айтты. Тәжірибелі теннисшісі оның себебін командаласының жағдайына байланысты екенін жеткізді.

«Өкінішке қарай, жұптық сында бақ сынамайтын болдық. Мен тек жеке сында жарыс жолына шығамын. Менің жұбым Елена Рыбакина бар күшін жеке сында жұмсағысы келеді. Жүлдеден үмітті. Басқа қыздармен жұптық сында өнер көрсетеміз деп ойлағанбыз. Бірақ екеуі де жұптық сынға дайын емес, оған қоса жарақаттары бар. Көп матчқа шығатындықтан, жеке сынға басымдық бергісі келеді.

Бірақ та микске қатысуға өтініш беріп көреміз. Егер бәрі жақсы болса Александр Бубликпен бірге ойнаймын», - дейді теннисші.

Еске салайық, 23 шілде күні Олимпиада ойындарында алғаш болып төрт қазақстандық спортшы бақ сынайды. Садақ атудан іріктеу кезеңінде Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин сынға түссе, академиялық есуден Владислав Яковлев жарысты бастайды.