21.07.2021, 09:01
Жаңалықтар
Еліміздің 15 өңірі «қызыл» аймақта
«Жасыл» аймаққа кіретін өңір жоқ
Вечерний Алматы
Қазақстанда коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдемей тұр. Әр тәулік сайын елімізде кемі 5 мың адамнан COVID-19 инфекциясы ПТР-тест арқылы анықталуда. Жағдай ешбір облыста тәуір болмағандықтан 17 өңірдің 15-і бүгінгі күні «қызыл» аймақта. Бұл туралы Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары «қызыл» аймақта.
Ал, Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта тұр. Елімізде ешбір өңір «жасыл» аймаққа кірмеді.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
19.11.2026, 09:29
Марқакөлде балалардың көзінше сынып жетекшісін балағаттаған оқушы 30 мың теңге айыппұл төлейтін болды
19.11.2026, 07:37
Елордада тұман түсіп, Шымкентте жаңбыр жауады - синоптиктер болжамы
